Талсуаттың тарихы

1648

0

Таяуда жарыққа шыққан «Талсуат» атты кітапта осы ауылдың тарихы баяндалады. Кітап авторы Сағат Жүсіп елдің өткенін білу өзінің, отбасының, әулетінің, кір жуып, кіндік кескен туған ауылы туралы білуден басталатынын айтады.

«Әлімсақтан бері ағайыннан алыс қонбай, «бір әулет – бір ауыл» болып көшіп-қонып жүрген халқымыздың кешегісі осы ауыл-әулет тақырыбынан басталады. Әрбір әулет, ру, тайпа жайлы мәліметтер түгенделмей, қазақ тарихы толық деп айтуға болмайды. Біздің  де өз ауылымыздың өткеніне көз жүгіртуіміздің түпкі мақсаты осы» деп жазыпты автор.

Кітаптың алғысөзінде патшалық Ресейдің орыс шаруаларын Қазақстан жеріне, Сырдария аумағына көшіру саясатын қалай жүргізгені туралы айтылған. Мысалы, ХІХ ғасырдың аяғындағы переселендерді әкелу салдарынан қазақ даласының ең құнарлы жерлері орыс шаруаларына беріліп, жергілікті халық сусыз, құнарсыз, пайдалануға жарамсыз жерлерге тықсырылғаны, бұл жағдай өңірдің демографиялық ахуалына кері әсер еткені нақты деректермен көрсетілген.

Автордың айтуынша, Александровск және Геологтар аталған екі ауылдың іргесі 1928 жылы бірнеше ТОЗ негізінде әуелі «Колос» ауылшаруашылық артелі, кейін «Колос» колхозы болып, бірнеше рет колхоздарға қосылып, Сырдария және Тереңөзек аудандарының құрамында болған. Ал 1950 жылдары колхоздар ірілендірілген кезде «Колос» және «Комсомол» колхоздарын қосып, Талсуат осы колхоздың бөлімшесі болып қалған.

Жалпы бұл кітап туған жерінің тарихын танығысы келетін барлық оқырманға арналған.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<