Құтқару техникалары мен құрал-жабдықтарының көрмесі

575

0

Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының» құтқарушылары Қалалық демалыс паркінде «Апаттар медицинасы орталығы» Қызылорда филиалы қызметкерлерімен бірігіп құтқару жабдықтарының көрмесін өткізді.
Көрмеде әртүрлі құтқару жабдықтары ұсынылды, атап айтқанда: апат және техногендік апаттар үшін пайдаланылатын арнайы гидравликалық құтқару жабдықтары, химия – биологиялық, сүңгуірлік және альпинисттік жабдықтар.
Іс шараға қатысушы барлық қатысушылар құтқарушылардың жұмысы туралы толық мәлімет алды.
Қазақстан Республикасы Қызыл Ай Қоғамының Қызылорда облыстық филиалы жайма-шуақ күні ұйымдастырған бұл іс-шараның мән-маңызы жоғары болды.
Іс – шара соңында жасақ құтқарушылары барлық қонақтарға судағы қауіпсіздік ережелері туралы үнпарақтар мен брошюраларын таратты.  

Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<