Техникалық паспорт алуға электрондық өтініш қалай беріледі?

938

0

ХҚО-ға бармай-ақ, eGov.kz порталы арқылы жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын алуға электрондық өтінішті берудің оңай әрі ыңғайлы жолын таныстырмақпыз.

Сонымен, ЭЦҚ немесе бір реттік жасырын сөз арқылы eGov.kz порталына кіреміз.

✅ Бастапқы бетте жылжымайтын мүлік бөлімін таңдаңыз

✅Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын алуға электрондық өтінішті беру қызметін таңдап, онлайн сұрау батырмасын басып, деректерді толтырыңыз

✅Өтініш түрін көрсетіп, жылжымайтын мүлік туралы деректерді толтырыңыз

✅Өтінімге құқық белгілейтін құжаттың сканерленген көшірмесін жүктеңіз

✅Төлемтүрінтаңдаңыз

Қызмет нәтижесі жылжымайтын мүлік түріне қарай беріледі:

  1. Пәтерлер, жатақханалардағы бөлмелер – 3 жұмыс күнi
  2. Жеке тұрғын үйлер, жеке гараждар, саяжай құрылыстары – 5 жұмыс күнi
  3. Жалпы ауданы 1000 м2 дейінгі қалған жылжымайтын мүлік объектілері – 7 жұмыс күні
  4. Жалпы алаңы 1000 м2 асатын объектілер – 10 жұмыс күні

Өтініштің қарастырылғаны туралы жауап жеке кабинетіңізге келіп түседі. Дайын құжатты алу үшін көрсетілген уақытта корпорацияның фронт-офисіне бару қажет.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<