Темекі қорабының сыртына басылатын суреттердің эскизі бекітілмек 

933

0

Фото: ашық дереккөз

Темекі қорабының сыртында оның зиянды екенін ескерту мақсатында орналастырылатын суреттер өзгермек. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Денсаулық сақтау министрінің бұйрығында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, электронды жүйелер және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынудың зияны туралы ескертулердің эскиздері бекітілсін», – деп жазылған бұйырықта.

Құжатқа сәйкес, енді темекі бұйымдарының сыртында мына ескерту суреттері орналастырылады:

Бұйрықты ашық талқылау 3 наурызға дейін жалғасады.

Еске салайық, бұған дейін пульмонолог-дәрігердің кеңесін жариялап едік. Оның айтуыша, электронды темекі қарапайым темекіден анағұрлым зиянды әрі қауіпті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<