Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тікелей эфирде

386

0

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Әлімжан Марданов пен Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау капитаны Темір Еркебаев «Qyzylorda» телеарнасының «Жаңа күн» бағдарламасында тікелей эфирде сұхбат берді. Сұхбат кезінде, жазғы маусымда суда төтенше жағдайдың алдын алу мен болдырмау жөнінде бірқатар сұрақтарға жауап берді.

         «Тұрақты үгіт-насихат жұмыстарына /рейдтер, бейнерорликтердің көрсетілім, дауысзорайтқыш арқылы тұрғындарды судағы қауіпсіздік ережесімен таныстыру, үгіт-насихат парақтар және тағы да басқалар/ қарамастан қаза болғандардың сан азаймай отыр. 2017 жылы 26 адам суда қаза болса, оның 7-еуі бала. Сонымен бірге құтқарушылар 5 адамның өмірін аман алып қалды. 2018 жылдың басынан бастап 1 адам суға кету фактісі тіркелді. Судағы төтенше жағдайдың алдын алу үшін облыстың барша тұрғындары судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы қажет, әсіресе су айдындарында және жағалауда балаларды қараусыз қалдырмаңыздар»,-деді Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы Әлімжан Марданов.

         Бағдарлама соңында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері облыс тұрғындарының тікелей эфирде қойған сұрақтарға жауап берді.

Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<