Түркияда үйінді астынан ит тірі шықты

491

0

Фото: ашық дереккөз

Түркияда 6 ақпандағы жер сілкінісінен 25 күн өткеннен кейін үйінді астынан ит тірі шығарылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жануар Хатай провинциясының Антакия аймағында қоқыс тазалап жатқан ғимараттың қирандыларының астынан табылған. Ит тұрып қалған кеңістікте оның аман қалуына көмектескен тамақ болған. Ит ветеринарлық бақылауға жіберілді.

Осыған дейін құтқарушылар Антакиядағы үй қирандыларының астынан Алекс есімді сібір хаскиін алып шыққан болатын. Ит үйінді астында 23 күн тамақсыз, сусыз жатқан.

Құтқару тобы екі қабатты ғимараттың қирандыларынан тірі жанның дыбысын жазып жатқанда иттің дыбысын естіген. Кейін кішкентай тесіктен иттің мұрнын көрген. Итті босатуға екі сағат кеткен.

«Алекстің осы шұңқырда 23 күн бойы ішіп-жемсіз жатуы, аман қалуы шынымен керемет жағдай», – дейді еріктілердің бірі.

Ал Адияман қаласында жер сілкінісінен 21 күн өткен соң құлаған ғимарат қирандыларының астынан тірі, сау жылқы табылған. Әлеуметтік желі қолданушылары жылқы үш апта қалай сусыз өмір сүрді деп таңғалғандарын жасырмады. Жер сілкінісінен кейін қалада жауған жаңбыр жануарды аман алып қалуы мүмкін деген нұсқа бар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<