Тұрақты жұмыс орындары өмір сапасын арттырады

781

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көтерген бастамалары елдегі азық-түлік, жұмыссыздық, қымбатшылық мәселелелерінің алдағы уақытта толығымен шешімін табатынына сенім ұялатты. Себебі азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға басым назар аударылып отыр.

Мемлекет басшысының Мәжіліс отырысындағы «Халықты сапалы өмірмен қамту мен әл-ауқатын жақсарту – мемлекеттің басты міндеті. Бұл сөздерді шынайы іске айналдыру қажет. Халықтың табысы экономикамен қатар өсуі керек. Бұл өзгермейтін аксиома біздің жағдайымызда жұмыс істемей тұр» деген пікірінен алдағы экономикалық саясаттың мақсаты айқын екенін аңғаруға болады.

Президент заман-талабына сай әлеуметтік бағдары бар, нарықтық экономика құру және дамыту қажеттігін мәлім етті. Ол үшін әрине, экономиканы әртараптандырудың маңызы зор әрі бұл күрделі міндет. Әртараптандыру болмаса, азаматтарымыздың әл-ауқатын арттырып, тұрақты жұмыс орындарын ашу мүмкін емес. Ал жұмыссыздық азаматтардың әлеуметтік тұрғыдан қалыптасуына кедергі келтіреді. Ендігі жерде жұрт болып жұмылуымыз аса маңызды.

Аманжол ОҢҒАРБАЕВ,

облыстық мәслихат депутаты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<