Ұлы Жібек жолы:  6 нысан тізімде

582

0

ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне елімізден тағы 6 нысан енгізіледі. Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловтың хабарлауынша, Ұлы Жібек жолы бойындағы 6 нысанды: Сығанақ, Сауран, Ясы, Отырар, Жанкент қалашықтары мен Жетіасар оазисінің ескерткіштерін ЮНЕСКО тізіміне енгізу жоспарланып отыр.

– Қазіргі уақытта ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне Қазақстан Республикасынан 10 нысан енгізілген. 2025 жылға қарай олардың санын 16-ға дейін арттыру жоспарда бар. Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанмен бірлесіп, «Ұлы Жібек жолы: Ферғана – Сырдария дәлізі» сериялық трансұлттық номинациясын дайындау және ілгерілету бойынша жұмыс жүргізіліп келеді, – деді министр.

Министр соңғы үш жылда 8 археологиялық ескерткіш  зерттелгенін атап өтті.

– 2030 жылға қарай біз ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізілген республикалық тарихи және мәдениет ескерткіштерінің үлесін олардың жалпы санының 40 пайызына дейін жеткізуге ниеттіміз. Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасының Ұлттық тізбесін толықтыру жұмыстары жалғасады, – деді Асхат Оралов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<