«Ыбырай Алтынсарин: Жалпыұлттық педагогиканың қалыптасу тенденциялары» атты жас ғалымдар конференциясы өтеді

1452

0

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы, Халықаралық Тараз инновациялық институты, «Жаңа-Ру» жастар коалициясы мен «Alem Science» халықаралық ғылыми журналы ұйымдастырады.

Конференция 10 қараша күні Тараз қаласында өтеді.

Конференция педагог-ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылады. Негізгі мақсаты – қазақ даласында ілім мен білімнің қалыптасып, дамуына үлес қосқан тарихи тұлғаның шығармашылығы мен өмір жолын халықаралық деңгейде насихаттау. Сонымен қатар, жалпыұлттық педагогиканың тарихына үңілу арқылы бүгінгі жаһан тенденцияларын бағамдау.

Конференцияға білім беру ұйымдарының, халықаралық және республикалық маңызы бар мектептердің, халықаралық мектептердің педагогикалық қызметкерлері, халықаралық, ұлттық ЖОО-ның, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, студент, магистрант, докторанттар, PhD докторлары және колледж оқытушылары қатыса алады. Конференцияға халықаралық деңгейдегі 14 – 29 жас аралығындағы жас ғалым қатыса алады. Ғылыми мақала жетекшісінің жас мөлшері маңызды емес.

Конференция ережесі(жүктеу):

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<