Қызмет ауқымы кең құрылым

845

0

Биыл Ішкі істер органдарының ақпараттық қызметінің құрылғанына  100 жыл толады. Ақпараттық-аналитикалық орталығы – ішкі істер органдары жүйесіндегі көп қызмет атқаратын күрделі құрылым.
Құқық қорғау органдарының жүйесіндегі ақпараттық қызметтің тарихы 1918 жылдың 23 қыркүйегінде Ресей Федерациясының Ішкі істер Халық Комиссариаты Алқасының шешімімен «Ішкі істер комиссариатының статистикалық бөлімі және қылмыстық тіркеу туралы» Ережесі бекітілгеннен бастау алады.
1968 жылы ІІМ-нің жедел-техникалық басқармасына қарасты ССРО ІІМ-нің Ақпараттық-есептеу орталығы мен оның аймақтық органдары құрылды.
1970 жылдың 9 қаңтарында ССРО ІІМ-не қарасты Бас ақпараттық орталық, республикалық Ішкі істер министрліктерінде – Ішкі істер басқармаларында осыған ұқсас ақпараттық орталықтары құрылды.
2001 жылы штаттық ұйымдастыру өзгерістеріне байланысты бөлек Ішкі істер басқармасының Техникалық қызмет басқармасы мен Штаб-басқармасына қарасты Ақпараттық орталығы, 2004 жылы өз бетінше қызмет атқаратын құрылым – Ақпараттық-техникалық қызмет басқармасы құрылды.
2012 жылы жеке –дара ІІД-нің Техникалық қызмет басқармасы мен Ақпараттық-аналитикалық орталығы құрылды.
Шонанов Имаш, Сералиева Роза, Базаров Нұрмағамбет (1985-1989 ж.ж., 1994-1997 ж.ж.), Исенгазиева Разия Шайханқызы (1990-1994 ж.ж.), Кахаев Тұрар Жұмадуллаұлы (2001-2004 ж.ж.), Ахметов Тұрлыбек Тұрсынбекұлы (2005-2007 ж.ж.), Маханбеталин Ертай Советұлы     (2007-2012 ж.ж.)  секілді қызметкерлер аталған қызметке әр кезеңде басшылық жасады.
Қазіргі таңда Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті Ақпараттық-аналитикалық орталығын полиция полковнигі Берманов Расул Әбдіғалиұлы басқарады.
Оның басшылығымен осы құрылымда біріктірілген деректер банкіне деректерді енгізу, түзету және өңдеу жұмыстарын жүргізетін, сонымен қатар енгізілген ақпараттардың дұрыстығына, толықтығына және қауіпсіздігіне жауапты тәжірибелі мамандар қызмет атқарады.
Қызметкерлердің қылмыстарды тергеу, ашу және олардың алдын алу жұмыстары негізінен ішкі істер органдарындағы ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесі арқылы  қажетті ақпараттарды алумен байланысты болады.
Қазіргі таңда, ішкі істер органдарында жедел-тергеу және іздестіру шараларын жүргізу және басқа да қызметтік мәселелерді шешу үшін құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қажетті кең көлемді жедел-іздестіру және анықтамалық ақпараттар деректері жинақталған.
2017 жылы ААО-ның автоматтандырылған ақпаратты-іздестіру жүйесінің көмегімен 1016 түрлі қылмыстар ашылды, ол өткен жылғы осы мерзімдегі көрсеткіштерден 127,3 %  артқан.
Сонымен қатар, жеке құрам бойынша, ұзақ мерзімді сақтауға жататын, оның ішінде ғылыми-практикалық, тарихи маңыздылығы бар 25 мың дана құжаттар сақтауда тұрған арнайы мемлекеттік мұрағаты  Ақпараттық-аналитикалық орталығы жұмысының негізгі бөлігі болып табылады. Олардан басқа ішкі істер бөлімдері басшыларының бұйрықтары, қаржылық, бухгалтерлік есеп беру құжаттары және де ішкі істер органдарының кадр бөлімі бойынша құжаттар сақталуда.
2014 жылы ұлттық қауіпсіздік органдарынан Ішкі істер департаментіне ақтауға жатпайтын тұлғаларға, қуғын-сүргінге ұшырап, сот органдарымен ақталған азаматтарға, сондай-ақ сүзгіден және тексеруден өткен бұрынғы әскери тұтқындар мен Германиядан шығарылған бұрынғы ССРО-ның  азаматтарына қатысты мұрағаттық қылмыстық істері өткізілгеннен бастап, жеке және заңды тұлғалардың сұраныс хаттарының саны артты.
Азаматтардың қуғын-сүргінге ұшыраған туған-туыстарына қатысты мәліметтер алу мүмкіндігі бар ҚР ІІМ-нің веб-порталында орналастырылған «Мемориал» арнайы сервисінің әлеуметтік-саяси маңыздылығы өте зор.
Қажетті мәліметтерді ала отырып, жақындарының ауыр тағдырларынан хабардар болған азаматтар ізгі ниеттері мен алғыстарын айтуда.

Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<