Заманауи қазақ өнері Париж төрінде

6273

0

Қазақстандық суретшілердің туындылары Францияда өткен Азия көрмесінде жұртшылық назарына ұсынылды. Орталық Азия суретшілерінің туындысы алғаш рет Париж көрмесіне қойылды. Оның ішінде қазақстандық суретші Әлібай Бапановтың да шығармалары бар. Заманауи бағыттағы өнер туындылары көрмеге жиналған қауымды таң қалдырды. Әсіресе қазақтың киіз үйіне көпшіліктің назары ауды.

Әлібай Бапанов, суретші:

– Жұмыстарым қатты  ұнап жатыр. Бәрі келген кісілер бірден Қазақстанның бір иісі шығып тұр дейді. Біздің киіздер, тоқыма заттарындағы қошқар мүйіз, қазақтың оюлары бар ғой. ал мен осыны замануи түрде шештім. Азия көрмесінің Орталық Азия елдерінің суретшілерін қамтуы бекер емес. Ол уақыт еншісіндегі нәрсе. Қазақ өнері жарты әлем үшін жұмбақ. Ерекшілігі де сонда. Сондықтан көпшілік қызыға қарайды.

Данагүл Төлепбай, «Pigmalion» галереясының негізін қалаушы:

– Қазір суретшінің жұмыстарына сұраныс көп. Жақында ғана Англиядағы Курто институтынан шақырту түсті. Ол жерден мықты тұлғалар шыққан. Жалпы, коллекционерлер, сұхбат алғысы келетін журналистер де баршылық. Заманауи қазақ өнеріне қызығушылар көп. Тіпті, экспорттық өнімге айналдыруға болады дейді, көрме қатысушылары. Сәуле Мәдиеваның киізден жасалған жұмыстары, Алмагүл Меңлібаеваның цифрлық көрпе картиналары, Дария Нұртаздың тоқыма бастырмалары, коллекционерлердің, сонымен қатар еліміздің креативті индустриясымен жақынырақ танысқысы келетін өнер сүйер жандардың назарын аударды.

Ирина Харитонова, «Kazakh Tourism» креативті туризм департаментінің директоры:

– Осындай талантты жандардың жұмысын көріп, кеудемді қуаныш кернеді. Тіпті көзіме жас алдым. Ең бастысы  елімізде өнер адамдарына қолдау бар. Ол әрине қуантады. Халықаралық Азия өнер көрмесі бүгінде Орталық Азия суретшілерін әлемге таныту үшін Венеция көрмесінің жалғасы ретінде құрылды. Әуелде қарапайым жәрмеңке ретінде ашылып, қазір еліміздің заманауи өнерін әлемге паш еткен үлкен өнер алаңына айналды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<