Зейнет демалысына шығарып салды

739

0

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аудан әкімі аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы Сәндібай Жансұлтанға құрмет көрсетіп, зейнет демалысына шығарып салды.

– Саналы ғұмырыңызды мемлекеттік қызмет саласына арнап, ауданымыздың өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қостыңыз. Әр жылдары аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары, аудан әкімі аппаратындағы құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы сияқты жауапты қызметтерді абыроймен атқарып, еңбекқорлығыңыздың арқасында халықтың ыстық ықыласына бөлендіңіз, – деді аудан басшысы.

Мұхтар Әуесұлы 30 жыл мемлекеттік қызмет саласында еңбек еткен Сәндібай Сейітжаппарұлының иығына шапан жауып, Қазалы ауданының «Құрмет грамотасын» табыс етті.

Мұнан соң аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап, аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков, аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Ахметулла Аманов құттықтау сөз сөйлеп, игі тілегін жеткізді.

Өз кезегінде Сәндібай Жансұлтан аудан әкіміне және әріптестеріне зор алғысын білдіріп, ел игілігі үшін жасап жатқан жұмыстарына сәттілік тіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<