Жайдары жаз қызығы

440

0

Жаз келісімен балалар демалысын ұйымдастыру мәселесінің  маңызы  арта түседі. Өйткені оқушылар бұл кезді асыға күтеді.

Шіркейлі ауылдық өнер мектебі «Жаз қызығы – көңілді демалыс» тақырыбында іс-шара өткізді. Өнер мектебі шығармашылыққа үйретумен қатар, тағылымды  тәрбиелік шаралар ұйымдастырып келеді.   

Жазғы демалыста балалардың ой-өрісін дамыту, қабілетін арттыру бағытындағы кештердің, сайыстардың орны ерекше.  Әр оқушының бойына рухани азық береді.  

Тәрбие мазмұны ұйымдастырушының шеберлігімен ұштасқанда баланың жан-дүниесін жаңартуға жетекші болады. Өнер мектебінің ұстаздары  жазғы демалыстағы іс-шаралар жоспарына сәйкес осындай бастамаларды жалғастыра бермек.

«СБ» ақпарат