ЖАСТАР СУ АЙДЫНДАРЫН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚАТЫСТЫ

319

0

Облыстағы барлық су айдындарында, Кіші Арал теңізінде қызметтік катерлер, моторлы қайықтарымен су ішіндегі ау қалдықтары жиналып шығарылды. Ал, табиғат пайдаланушылар өздеріне бекітілген балық шаруашылығы су айдындарының жағалауларын қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Мұндай шара мамыр айында облыс аумағында «Таза су айдындары» атты табиғат қорғау акциясы аясында өткізілді. Бұл туралы Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Марат Нұрмағамбетов мәлімдеді.

Жылда осы мезгілде өтетін шараға ауыл тұрғындары, студенттер, оқушылар қатыстырылады.

«Су айдындарын тұрмыстық қалдықтардан тазалау – басты мақсатымыз. Таза су денсаулық кепілі, тіршілік көзі облыс көлеміндегі су айдындары таза болса денсаулығымыздың да жақсы болатынын және балық пен басқа да су жануарлары қорының көбеюін халыққа, оның ішінде жастарға түсіндіруіміз қажет», – деді Марат Нұрмағамбетов.

Бір айлық «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясының тазалау жұмыстарына 671 адам қатысып, 108 техника мен 15 шағын көлемдегі кемелер жұмылдырылды. Нәтижесінде 48,5 тоннаға жуық әр түрлі тұрмыстық қоқыстар мен 1011 ау-құралдардың қалдықтары жиналып тиісті орындарға шығарылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<