Жастармен жарқын кездесу

548

0

Қоғам дамушы күші жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру маңызды. Саламатты, білімді де зейінді, тәртіпті жастарға артылар сенім мол.

Жас буынмен байланысты арттырып, жігерлендіру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Ернар Мақажанов Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің бір топ студенттерімен кездесті.

Еркін тақырыпта өткен ашық әңгіме алаңында құқықтану мамандығының студенттері салаға қызығушылық білдірді. Ернар Әбсейітұлы департаменттің атқаратын қызметі туралы айтты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қабылдану үшін қандай талаптар қойылатынын жеткізді. Жастардың түрлі сұрақтарына жауап беріп, естелік суретке түсті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<