Жазасын өтеушілерге арналды

255

0

Қызылорда облысы ҚАЖ департаменті  ЗК-169/5 мекемесінің сотталғандар арасында тәрбие жұмыстарын жүргізу бөлімінің  теолог маманының ұйымдастыруымен  мекемедегі  жаза мерзімін өтеуші азаматтарға  «Құқықтық сауаттылық – заман талабы»  тақырыбында  кездесу өткізілді.

Кездесуге  С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің  мұғалімі Р.А.Қаражанова, ЗК-169/5 мекемесінің Сотталғандар арасында тәрбие жұмысын жүргізу бөлімінің бастығы С.Ким, Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің бастығы Е.Сон және теолог мамандары қатысты.

Шараның негізгі мақсаты – жаза мерзімін өтеуші азаматтарға Құқықтық қағидалары, нормалары және құқықтық қатынастар туралы  кеңінен түсіндіріп, құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған.

Кездесу барысында Р.А.Қаражанова қоғамдық қатынастарды  реттейтін заң нормалары және құқықтық сауаттылық жөнінде  баяндама оқып, жаза мерзімін өтеушілердің сауалдарына жауаптар берді.

ЗК-169/5 мекемесінің 

САТЖЖ бөлімінің теологиялық

 оңалту тобының  инспекторы

әділет кіші лейтенанты      Ж.Ілияс

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<