Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасы ақпан айында дайын болады

1223

0

ҚР Қаржы министрі жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасы жылдың ақпан айында дайны болатынын айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет отырысында оқыға баяндамасында ведомство басшысы капиталды елден негізсіз шығару бөлігіндегі заңнамаға қандай түзетулер әзірленіп жатқанын атады.

Олар: 1) дивидендтерге салық салу кезіндегі жеңілдіктерді, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы көздерден резидент еместерге төленетін жеңілдіктерді қайта қарау;

2) үлестес шетелдік компаниялардан алынған «материалдық емес» қызметтер бойынша шегерімге шектеулер енгізу;

3) бақыланатын шетелдік компания шеңберінде жеңілдіктерге шектеулер енгізу.

«Сондай-ақ, трансферттік баға белгілеу бойынша түзетулер жобасы әзірленді. Ол Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы сарапшыларының ресми қорытындысында қолдау тапты. Бұл қазақстандық экспорт үшін әділ бағаның қалыптасуына мүмкіндік береді. Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жеке тұлғалардың банкроттығы мәселелері бойынша заң жобасы ағымдағы жылдың ақпан айында Премьер-Министрі Кеңсесіне енгізілетін болады», – деді Ерұлан Жамаубаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<