Жер мақсатсыз пайдаланылса…

730

0

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 28 наурыздағы пайдаланылмайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып берілген жерлерді алып қою жөнінде жұмыс комиссиясын құру туралы тапсырмасына сәйкес, республикалық және облыстық деңгейде жұмыс комиссиялары мен кіші жұмыс топтары құрылды.

Бүгінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді кері қайтаруға байланысты комиссия отырыстары өткізіліп, жер учаскелерін тексеру және алып қою жөнінде облыс әкімінің бірінші орынбасары нақты жоспар бекітті.

Бұған қоса, Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында игерілмей жатқан жерді қайтарып алу жөніндегі комиссияның қызметіне жеке тоқталып, комиссия жұмысының аясында республика бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы 2,9 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылғанын, жылдың соңына дейін тағы 5 миллион гектар жерді қайтарып алу жоспарланып отырғанын атап өткен болатын.

Осы ретте, жұмыс тобы және әкімдіктер тарапынан жүргізілген жұмыс нәтижесінде облыста мақсаты бойынша пайдаланылмаған көлемі 150 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылса, жүргізілген түсіндірме нәтижесінде 85 мың гектар жерді қайта пайдалануға кіріскен.

Сонымен қатар, биылғы жылдың өткен кезеңінде облыстық жер ресурстарын басқару департаменті жүргізген бақылау шаралары нәтижесінде көлемі 75 мың гектар мақсаты бойынша пайдаланбаған (игермеген) жер учаскелеріне ҚР Жер кодексі талаптарына сәйкес нұсқамалар берілді. Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама негізінде Қызылорда облысының мемлекеттік кірістер департаменті мақсаты бойынша пайдаланбаған (игермеген) жер учаскелеріне белгіленген базалық салық мөлшерлемесін 20 (жиырма) есеге ұлғайтатын болады.

Қ.СЕРІКБАЕВ,

Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару

департаменті басшысының  міндетін уақытша атқарушы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<