Жер шарын 14 рет айналған көлік

645

0

Моңғол елінің батыс ше­бінде қанат жайған қазақ­тар соңғы екі ғасырдан бері мызғымай мекен етіп келе жатқан Бай-Өлке дейтін аймақ бар. Мұнда қойын құрттап, айранын ұрттап, жаймашуақ жат­қан жұрттың өзіне тән тарихы бар.

Айталық, Өлгей қала­шы­ғының оңтүстік бүйірі Бөкен тау­дың етегінде бұрынғы 21-ші автобаза орналасқан аумақ­­­та кеңестік Горький атын­­дағы автомобиль зауытының өні­мі «ГАЗ-51» маркалы маши­на­сы ескерткіш болып тұ­ғыр­да тұр (суретте).

Бұл машинаның ерекшелігі – кезекті күрделі жөндеу көрмей-ақ 875 мың шақырым жолды жүріп өткен. Бұл Жер шарын 14 дүркін айналып шыққанмен тең екен.

Аталған көлікті тізгін­деген 1931 жылы туған Чоя Сар­қын­байұлы алғаш 1965 жылы бұл машинаға отырған. Содан 1979 жылға дейін тоқтамай шап­қы­лап, осы аралықта мемлекетке 349,8 мың төгрөгтің пайдасын кел­тіріп, бір өзі «ГАЗ-51» маркалы 26 машинаның жұмысын ат­­қарған. Нәтижесінде, Чоя аға­­мызға Моңғол елі 1980 жы­лы Еңбек Ері атағын беріпті. Жа­рықтық 2000 жылы Бай-Өлке ай­мағында дүниеден өтіпті.

/egemen.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<