«Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» мемлекеттік қызмет

350

0

Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы №559 бұйрығымен бекітілген Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес жүзеге асырылады.

Қағидаға сәйкес «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» мемлекеттік қызметін алу үшін жұмыс беруші немесе оның уәкілетті өкілі www.egov.kz, www.elіcense «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру жері бойынша жергілікті атқарушы органға тиісті құжаттарды қоса бере отырып, өтінішті ұсынады («Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың және нотариат куәландырған аудармаларының электрондық көшірмелері (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылмаған болса), шетелдік жұмыскердің біліктілігі мен кәсіби тәжірибесінің оны тарту жүзеге асырылатын лауазымға сәйкестігін растайтын жұмыс беруші хатының электрондық көшірмесі, шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі, кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат).

Жыл басынан бастап уәкілетті органға www.egov.kz, www.elіcense «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу үшін заңды тұлғалардан 59 өтініш келіп түсіп, 90 бірлік рұқсат берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<