Журналистер одағына қабылданды

465

0

Бүгінде ақпарат көп. Әйтсе де оқиғаны зерттеп, нақты дәлелмен, оймақтай ой білдіретін журналистердің жазбасы құнды. Билік пен бұқара арасында алтын көпірге айналған тілшілер қауымы халықтың сеніміне ие. Қаламгерлер қоғам артқан жауапкершілік жүгін абыройлы арқалап келеді.  

28 маусым – Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күніне орай әріптестеріміз ҚР Журналистер одағы ұйымына мүше болды. Жас қаламгерлерді «Сыр Медиа» ЖШС бас директоры, облыстық мәслихат депутаты, Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының төрағасы Аманжол Оңғарбаев марапаттап, арнайы куәліктері мен төсбелгілерін табыстады.

– Бүгін – ерекше күн. Сіздер осы саланың маманы екендеріңізді бұрыннан дәлелдеп келесіздер. Көп көкейіндегі күрмеулі мәселелерді бүкпесіз баяндап, оқырманға жедел жеткізіп жүрсіздер. Сіздердің қаламдарыңызға арқау болған талай рухани туындылар тарих төрінде қаттаулы тұр. Еліміздің, оның ішінде өңіріміздің даму жолдарын жұртшылыққа жарқырата жазып жеткізіп келесіздер. Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын, – деді Аманжол Сақыпұлы.

Әріптестерімізге шығармашылық табыс тілейміз.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<