Жылумен қамту жұмыстары жалғасуда

393

0

Облыста жылумен қамту жұмыс жоспарына сай жүргізіліп жатыр. Осы уақытқа дейін әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерге қажет қатты отынның жартысынан астамы тұтынушыларға жеткізілді.

Бүгінде облыс бойынша жылу құбырларына қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу бойынша 5 жоба-сметалық құжат әзірленіп, сараптама қорытындылары алынды. Сонымен қатар, білім басқармасына қарасты нысандардың қазандықтарын құрылыс нормалары мен ережесіне сай етіп сәйкестендіру үшін 11 нысанбойынша жоба-сметалық құжаттамалары әзірленді. Бүгінде  4 жоба бойынша сараптаманың оң қорытындысы алынып, қалған 7 жоба бойынша сараптама қорытындысын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 Сондай-ақ, «Ауы – ел бесігі» бағдарламасы аясында қалада әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін және инженерлік-көлік инфрақұрылымдарын жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Аталған бағдарлама аясында 26 әлеуметтік нысанның жылу қазандықтарын қайта жаңғырту жұмыстары қолға алынды. Сондай-ақ, республикалық бюджеттен 17 жобаға 407,7 млн. теңге, ал 7 жобаға  облыстық бюджеттен 160,8 млн. тенге бөлінді. Қазір барлық нысандар бойынша қабылдау жұмыстары атқарылуда. Алдағы уақытта бағдарлама аясында бірқатар жоба қолға алынып, жүйелі жұмыс жүргізіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<