ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖОЛЫ

ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖОЛЫ

Жаңарған әлем бүгінгі күні экономикалық дағдарыс, қаржылық тұрақсыздық, әлеуметтік күйзеліс, лаңкестік, діни экстремизм сынды сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Осы ретте, қоғам мен адамның қауіпсіздігі қазіргі таңда әлемдік деңгейдегі басты мәселе болып отыр. Қауіпсіздік ұғымы қоғам, мемлекет, табиғат және адам өмірінің барлық салаларын қамтиды. Қазіргі уақытта адам мен қоғам өміріндегі ақпараттық және интеллектуалды үдерістерде діни сенім мен сананың рөлі едәуір өсуде.
Әлеумет 14 желтоксан 2017 г. 282 0
Жасөспірімдердің өз-өзіне қол салу жағдайларына  қатысты қате түсініктер  мен нақты  фактілер

Жасөспірімдердің өз-өзіне қол салу жағдайларына қатысты қате түсініктер мен нақты фактілер

 Адамдардың көзқарасы бойынша өз-өзінеқол салу әр адамның «жеке мәселесіндей» көрінеді, тіпті бұл тақырыпта сөз қозғаудың өзі қауіпті деп есептелінеді. Мұндай жаңсақ пікірлердің жасөспірімдердің өзін-өзі өлтіру әрекеттерінің алдын алуға кедергі келтіретінін аңғармаймыз. Өзін-өзі өлтіру тақырыбының стигматизациясы (теріс көзқарас пентеріс ойлау) адасуларға апарады. Біз осылайша көмек қолын созудың орнына, керісінше, өзіміз де білмей, келешек құрбанды мәселенің түбіне қарай итереміз. Сондықтан өз-өзіне қол жұмсау туралы аңыздардың дұрыс-бұрыстығын айыру үшін түрлі ғылыми және қолданбалы зерттеулер жүргізіледі. Мұндай зерттеулерден алынған жаңа білім біздің көзімізді ашады және өзін-өзі өлтіру жағдайларына басқаша қарауға, алдын алуға үйретеді.
Әлеумет 13 желтоксан 2017 г. 358 0

ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарының 80-қадамында айтылғандай, еліміздің денсаулық сақтау саласының қызметі Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі негізінде іске асырылып жатыр. Халық денсаулығын жақсарту мақсатында енгізіліп жатқан реформалардың барлығы сала жұмысында өз нәтижесін беріп келеді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (әрі қарай Қор) құрылды. 2017 жылдың маусым айында осы аталған қордың филиалдары еліміздің әрбір облыстарында ресми түрде ашылды және  шілде айынан бастап жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер, азаматтық құқықтық шарт арқылы жұмыс атқаратындардан аударымдар мен жарналар тұрақты аударылып отыр.  Аударылған аудырымдар мен жарналар Ұлттық банкте сақталады және Қордың ресми сайтында ашық көрсетіледі.
Әлеумет 12 желтоксан 2017 г. 308 0

«ӘДЕПТІҢ» ӘДЕБІ

ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен мемлекеттік қызметшілердің «Әдеп» кодексі бекітілген. Кодексте мемлекеттік қызметшінің барлық мақсат-міндеті айқын көрсетілген. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Мемлекеттік қызметші барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін кәсіби қызметіне жұмсайды. Кодексте өзінің Отанына қалтқысыз әрі адал қызмет ету қажеттігі жазылған.
Әлеумет 12 желтоксан 2017 г. 298 0
ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ БОЙЫНША

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ БОЙЫНША

Үстіміздегі жылы республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға Жаңақорған ауданының Төменарық және М.Нәлібаев ауылдарынан 300 орындық мектептің құрылыстары салынып, үстіміздегі жылдың тамыз айында пайдалануға берілді.
Әлеумет 06 желтоксан 2017 г. 299 0
ҒЫЛЫМНЫҢ ЖАҢА ДӘУІРІ

ҒЫЛЫМНЫҢ ЖАҢА ДӘУІРІ

Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет» деп атап көрсеткен. Ата-бабаларымыз сонау көшіп-қонып жүрген заманында әр ауылда молдалар ұстап, балаларын оқытып сауатын ашып отырған.
Әлеумет 05 желтоксан 2017 г. 259 0
ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРДЫ ҚАНАТТАНДЫРҒАН ҚАУЫШУ

ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРДЫ ҚАНАТТАНДЫРҒАН ҚАУЫШУ

Желтоқсанның алғашқы жұлдызы – Тұңғыш Президент күні. Бұл мейрамның негізі 1 желтоқсан күні өткен Президент сайлауы болды. Алғашқы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атанды. Мемлекет басшысы осы жылдың қазан айында облысымызға жұмыс сапарымен келген болатын. Мереке қарсаңында Президентпен кездескен құрылыс саласының мамандары, олардың алған әсерлері жайлы жазғанды жөн көрдік.
Әлеумет 30 қараша 2017 г. 208 0
ПАТША АСЫ САНАЛҒАН ТАҒАМ

ПАТША АСЫ САНАЛҒАН ТАҒАМ

Бір замандарда Франция ханшайымы Мария-Антуанетта картоп гүлін шашына қыстырып жүрген екен. Бұл сол кездегі король сарайы қызметкерлерінің арасында сәнге айналады. Тіпті, король ХVІ Людовик қызметкерлеріне қала маңындағы бақшасына тек осы өсімдікті еккізеді. Онысымен қоймай егістік алқапқа ерекше құрамдағы күзет қойдырған көрінеді. Мұны сырттай бақылаған қарапайым халық патшаның асынан дәм татуға ынтызар болыпты.
Әлеумет 28 қараша 2017 г. 390 0
ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ӘН ШЫРҚАДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ӘН ШЫРҚАДЫ

Қызылорда облыстық филармониясында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Екі жұлдыз» жұптасып ән салу байқауы өтті. Оған жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері мен филармония әншілерінен құралған 8 топ қатысты.
Әлеумет 27 қараша 2017 г. 259 0

ЗАҢ ЖОБАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Заң жобасы бұдан 20 жыл бұрын қабылданған «Адвокаттық қызмет туралы» Заң негізінде және қазіргі заман талабын ескеріліп әзірленген.Жоба мемлекетпен кепілдендірілген заң көмегін көрсету, жеке кәсіп ететін заңгерлердің қызметі туралы кешенді нормаларды қамтиды. Заң жобасында «заң кеңесшісі» деп аталатын жеке кәсіп етуші заңгерлердің қызметі палатаға біріктірілмек. Заң кеңесшісі палаталарының көптігі   бәсекелестікті нығайтады. Заң жобасында Pro bono (пробоно) негізінде кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету, яғни халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына  тегін заң көмегін көрсету тәсілі қарастырылған.    
Әлеумет 18 қараша 2017 г. 285 0