Эвакуацияланған балалар мектепке оралды

230

0

Сурет: Instagram/sokolovskaya.shkola.internat

Солтүстік Қазақстан облысында эвакуацияланған балалар мектепке оралуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ ақпаратына сай, СҚО Соколовка ауылында Ұлытау облысының құтқарушылары СҚО құтқарушыларымен бірлесіп эвакопункттерден көшірілген балаларды мектеп-интернатқа жеткізу бойынша жұмысты ұйымдастырды.

«Соколов арнайы мектеп-интернаты» КММ 1963 жылы ашылған. Мектеп-интернатта арнайы бағдарламалар бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін барлық жағдайлар жасалған. Мектеп өзінің Instagram парақшасын белсенді түрде жүргізеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<