Балалар құқықтарын қорғау басқармасының басшысы тағайындалды

7

0

Фото: облыс әкімдігі

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте жаңадан құрылған балалар құқықтарын қорғау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалған Бәкіров Ерлан Әмірханұлы таныстырылды.

Облыс әкімі Мемлекет басшысының қорғаншылық және қамқоршылық органдарының жұмысын реформалау туралы тапсырмасын орындау мақсатында балалар құқықтарын қорғау басқармасы құрылғанын атап өтті. Жаңа салаға, оның басшысына бірқатар маңызды міндет жүктеді.

«Балалардың мүдделерін қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруда тиісті шараларды қабылдауды тапсырамын», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Ерлан Әмірханұлы 1984 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетінде «Заңтану», «Болашақ» университетінде «Экономика» және «Құрылыс» мамандықтары бойынша білім алған.

Әр жылдары Қызылорда облысы әкімі аппараты кадр жұмысы бөлімінің басшысы, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары, Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары болған.

2021 жылдан бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымын абыроймен атқарып келді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі