Жаңа жұмыс орны ашылады

461

0

Биыл Жаңақорған ауданында үш мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. Бүгінде ауданда екі мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылып, аудан халқы тұрақты жұмыспен қамтылған. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жаңақорған ауданының әкімі Мұрат Тлеумбетов жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.

– Аудан тұрғындарының табысын арттырудың көзі – тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету екені баршамызға белгілі. Жыл басынан бері 1765 адам жұмыспен қамту орталығына хабарласты. Олардың 83 пайызы жұмысқа орналастырылды. Бүгінгі күнге дейін ауданымызда жеті рет бос жұмыс орындарына жәрмеңке ұйымдастырылып, 1500-ге жуық бос жұмыс ұсынылды. Мүгедектігі бар 29 азамат та жұмыстан шет қалмай өз еңбегімен табыс табуда. Халықтың табысын арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіледі, – деді Жаңақорған ауданының әкімі Мұрат Жолкелдіұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<