Бақытбек Үмбетқұлов әлем чемпионатының қола жүлдегері

806

0

Өзбекстанның Ташкент қаласында жекпе-жек сайысынан ересектер арасында өткен Әлем чемпионатында жерлесіміз Бақытбек Үмбетқұлов 90 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қола жүлдегер атанды.

Б.Үмбетқұлов – ҚР спорт шебері, Қазақстан чемпионаттарының, халықаралық жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері.Айта кетейік, биылғы жылдың сәуір айында Ақмола облысының Щучинск қаласында жекпе-жек сайысынан өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында 1-орынды иеленіп, Әлем чемпионатына жолдама алған болатын.

Бақытбектің жаттықтырушысы Дәуірбек Дәулетовтің айтуынша, енді қазан айында Ресейдің Владивосток қаласында өтетін ашық Азия чемпионатына дайындықты бастайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<