Данияр Елеусінов Головкиннің промоутерінен неге кеткенін айтты

510

0


Бокстан жартылай орта салмақтағы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Matchroom Boxing промоутері Эдди Хирнмен келісімнің тоқтағаны туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.


Боксшының менеджері Элвис Креспо журналист Майк Коппинджермен әңгімесінде Даниярдың Matchroom-мен келісімшарты аяқталғанын және қазір 2016 жылғы Олимпиада чемпионы еркін агент екенін растады. Елеусіновтің өзі түсіндіргендей, ол Хирн және DAZN стриминг сервисімен жұмыс істегеніне көңілі толмаған. «DAZN мені бағаламады. Мен Индонго деңгейіндегі боксшылармен тағы үш-төрт жекпе-жек өткізсем деймін. Содан кейін біз жартылай орта санаттағы чемпиондар туралы сөйлесерміз», – дейді боксшы.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<