Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады

367

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны Уимблдон турнирінің финалына шығуымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Елена Рыбакинаны теннистен ең беделді Уимблдон турниріндегі керемет жеңісімен құттықтаймын. Ол финалға жетті!» деп жазды Мемлекет басшысы әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің финалына шыққан болатын. Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің екі мәрте чемпионы (Франция ашық чемпионаты – 2018, Уимблдон – 2019), қазіргі кезде рейтингіде 18-сатыда тұрған румыниялық Симона Халеппен кездесіп, жеңіске жетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<