«Мен бақыттымын»: Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

850

0

Қазақстандық жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жеңісіне жетті. Ол америкалық Джером Ривераны бірінші айналымда гильотин әдісімен қылқындырды.


Жекпе-жектің алғашқы минутынан бастап Жалғас басым позицияны ұстап, Ривераға әдіс қолдануға мүмкіндік бермеді. Екінші минутта-ақ Жұмағұлов қарсыласынан басым екенін анық дәлелдеді.

«Мен бақыттымын. Бірінші жекпе-жегім сәтсіз болды, жеңіспен қуантқым келді. Менің елім қазір ояу, мені қолдап отыр. Оларды осы жеңіспен қуантып отырғаныма өте қуаныштымын», – деді Жұмағұлов көзіне жас алып.


Еске салайық, Жалғас Жұмағұлов UFC-ге Fight Night Global чемпионы мәртебесінде келді және қатарынан екі рет жеңіліске ұшырады. Екі жеңіліс те даулы болды.
Алайда жекпе-жек шеберінің өзі деңгейінің жетпегенін мойындады. Ең алдымен, дайындық тұрғысынан. Енді Жалғас UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<