Олимпиада: 25 шілдеде қазақстандықтар спорттың 11 түрінен сынға түседі

437

0

25 шілде күні Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандықтар спорттың 11 түрінен сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сілтеме жасап.

Төменде толық жарыс кестесі келтірілген (Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен)

06:00 Стендтік ату. Скит. Әйелдер
Асем Орынбай, Зоя Кравченко


08:00 Дзюдо. Ерлан
Ерлан Серікжанов — Орхан Сафаров (Әзербайжан)


08:00 Теннис. Әйелдер. Жеке разряд
Ярослава Шведова — Айла Томлянович (Австралия)
Юлия Путинцева — Надя Подорошка (Аргентина)


08:00 Теннис. Ерлер. Жеке разряд
Михаил Кукушкин — Федерико Кория (Аргентина)


09:45 Фехтование. Ерлер
Руслан Кұрбанов — Марко Фикера (Италия)


10:00 Оқпен ату. Пневматикалық винтовка. 10 метр. Ерлер
Юрий Юрков


10:00 Каноэ. Жеке, есу спорты. Ерлер
Александр Куликов


10:50 Каноэ. Жеке, есу спорты. Әйелдер
Екатерина Смирнова
12:30 Үстел теннисі. Ерлер


Кирилл Герасименко — Любомир Янчарик (Чехия)

12:50 Ауыр атлетика. Ерлер
61 килограмм. Игорь Сон
16:04 Жүзу спорты. 100 метр арқамен жүзу. Әйелдер
Диана Назарова

16:24 Бокс. Ерлер
63 килограмм. Закир Сафиуллин — Леодан Песо Сабойя (Перу)


16:50 Су добы. Ерлер
Қазақстан — Хорватия.

Еске салсақ, Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарындағы алғашқы күнгі медальдар есебінде Қазақстан бір қола медальмен 19- орында тұр.

Токио төріндегі татамиде 60 келі салмақ бойынша белдескен Елдос Сметов Қазақстан қоржынына алғашқы медальді салды. Сонымен қатар, Елдос Сметов келесі Олимпиадаға қатысу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді. Және ол осы жеңісі үшін қолдан келгеннің бәрін жасағанын жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<