Қазалылық теннисшілер жеңіске жетті

640

0

Қызылорда қаласында өтіп жатқан облыстық VІІ «Ақ бидай» спартакиадасында қазалылық үстел теннисшілері топ жарып, жеңістің биік тұғырынан көрінді.

Жарыс жолына шыққан Қазалы ауданының ерлер мен қыздар командасы қарсыластарының барлығынан басым түсіп, алтын медальға ие болды.

Айта кетейік, үстел теннисінен ауданымыздың намысын ерлер командасында Ибрай Ернар Қайыржанұл, Ермаханов Медетбек Дауренбекұлы, Оразалы Рамазан Жақыпбекұлы, қыздар командасында Қапаш Гүлбақыт Нұрлыбекқызы, Мұхтар Тоқжан Мұхтарқызы, Манбетжанова Фариза Бақытжанқызықорғады.

Спартакиада ойындарына ерлер командасын Ибрай Ернар, қыздар командасын Ерлан Майрагүл дайындады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<