ҚХЛ: «Барыс» алғашқы ойынын қашан бастайды?

398

0

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы ойынын 3 қыркүйекте бастайды. Бұл күні елордалық хоккейшілер Беларусьте «Динамо» (Минск) командасымен мұз айдынға шығады.

«Барыс» елордадағы бірінші ойынын 13 қыркүйекте «Трактор» (Челябинск) командасына қарсы өткізеді.

Құрлықтық хоккей лигасының 2022/23 жылдарға арналған толық ойын күнтізбесі 18 шілдеде жарияланады.

Сондай-ақ, шайбалы хоккейден Президент кубогына қатысатын командалар тізімі белгілі болды. Биыл 12-ші мәрте жалауын көтеретін жарысқа қазақстандық «Барыстан» өзге Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск), «Автомобилист» (Екатеринбург), «Металлург» (Магнитогорск) командалары қатысады.

«Қайсар» көш басында

Футболдан Қазақстан кубогы топтық кезеңі екінші туры мәресіне жетті.

Кубок ойындарында В тобында сынға түсіп жүрген Қызылорданың «Қайсары» тағы да жеңіске жетті. Бұл жолы қызылордалық футболшылар сырт алаңда Петропавлдың «Қызылжарын» 2:1 есебімен сүріндірді. Одан бұрын өз алаңында «Ақжайықтан» 1:0 есебімен басым түскен болсатын.

Екі турдан кейін «Қайсар» алты ұпаймен бірінші орында келеді. Енді олар 23 тамызда сырт алаңда «Каспиймен» шеберлік байқасады. 

Аталған турда Оралда жергілікті «Ақжайық» Ақтаудың «Каспийін» 3:1, Шымкентте жергілікті «Ордабасы» Павлодар облысының «Ақсуын» 2:0, Түркістанда «Тұран» Талдықорғанның «Жетісуын» 3:0 есебімен жеңді. Ал алматылық «Қайрат» сырт алаңда «Атырауды» 3:2 есебімен тізе бүктірді.

Қостанайлық «Тобыл» өз алаңында «Ақтөбеден» 2:1, «Тараз» Түркістан облысының «Мақтаралынан» 4:2, елордалық «Астана» қарағандылық «Шахтер» командасынан 5:2 есебімен жеңді.

Енді Қазақстан кубогы үшінші тур ойындары 22, 23, 24 шілде күндері өткізіледі.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<