Токио-2020: Руслан Жапаров ширек финалда қарсыласынан жеңілді

531

0

Токио Олимпиадасында таэквондошы Руслан Жапаров ширек финалда қарсыласынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық спортшы 80 келіде сайысқа түсті. Ширек финалда ол Оңтүстік Корея өкілі Кё Дон Инмен шеберлік байқасты. Кездесу аса тартысты өтті. Екеуінің де жеңіске жетуіне мүмкіндігі болды. Дегенмен соңғы сәттерде корейлік спортшы ұпай қорын молайтты. Осылайша Руслан Жапаров қарсыласына 2:8 есебімен есе жіберді.

Еске салсақ, ол бүгін алғашқы кездесуінде Германиядан келген Александр Бахманннан 11:7 есебімен басым түсті.




 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<