Токио-2020: Таэквондошы Жансель Дениз екінші кездесуінде жеңіліп қалды

416

0

Токио Олимпиадасында таэквондошы Жансель Дениз ширек финалда қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық спортшы 67 келі салмақта Ұлыбритания өкілі Бьянко Уокденмен шеберлік байқасты. Қарсыласы үш дүркін әлем чемпионы атағын жеңіп алған. Нәтижесінде Жансель қарсыласына 7:17 есебімен есе жіберіп қойды. Нәтижесінде жартылай финалға ұлыбританиялық спортшы шықты. Бьянко Уокден енді финалға берілетін жолдаманы Оңтүстік Корея өкілі Ли Да Бинмен сарпақа салады.

Айта кетейік, Жансель алғашқы кездесуінде өзбекстандық Светлана Осиповадан 10:9 есебімен басым түсті.





 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<