Токио Олимпиадасының алғашқы ойынын жапониялықтар жеңіспен бастады

751

0

Коронавирусқа байланысты бір жылға кейін шегерілген Токиодағы Олимпиада ойындары ұзақ үзілістен кейін басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кyodо агенттігіне сілтеме жасап.

Софтболдан әйелдер турнирінің алғашқы матчында жапондар Аустралия құрамасын 8:1 есебімен жеңді. Жарыс өтіп жатқан орын 2011 жылғы наурызда жер сілкінісі, цунами және ядролық апаттан зардап шеккен Жапонияның солтүстік-шығысындағы Фукусима Адзума стадионы талапқа сәйкес келген.

Токио олимпиадасының ұйымдастыру комитетінің президенті Сейко Хасимото мен Олимпиада министрі Тамайо Марукава ойынның алдындағы ашылу рәсіміне қатысты. Фукусимадағы ойындар басқа олимпиадалық шаралар сияқты инфекция жұқтырушылардың көбеюіне байланысты жабық есік жағдайында өтеді.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<