Тұрсынбай Құлахмет қарсыласын нокаутқа түсірді

709

0

Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет (3-0, 2 КО) Алматыдағы MTK Kazakhstan промоутерлік компаниясы ұйымдастырған бокс кешінде рингке «Рокки» лақап атымен шығатын ресейлік Алексей Евченкомен (19-14-2, 8 КО) айқасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Орта салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек он раундқа жоспарланған болатын. Бірінші раундта-ақ Құлахмет қарсыласын нокдаунға жіберді, содан кейін де ресейліктің есін жидырмады. Ал оныншы раундта Евченконы нокаутқа түсірді.

Осылайша, Тұрсынбай Құлахмет мансабындағы төртінші жеңісіне қол жеткізді, ал Алексей Евченко кәсіби рингте он бесінші рет сүрінді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<