Жәнібек Әлімханұлы боксшылардың әлемдік рейтигінде үздік ондыққа енді

569

0

vRINGe.com сайты https://vringe.com/ratings/#weight1011 барлық салмақ санатындағы әлем боксшыларының рейтингісін жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Кеше WBA бұрынғы әлем чемипонын америкалық Роб Брантты техникалық нокаутпен жеңген орта салмақтағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы ТОП-10-ға еніп, рейтингіде жетінші орынға жайғасты. Брант өз кезегінде үздік ондықтан шығып қалды. Америкалық боксшы бұған дейін ол тоғызыншы орында тұрған еді. Басылым рейтингісінде Қазақстанның келесі бір өкілі IBF және IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин көш бастап тұр.

Сонымен ТОП-10 толық тізімі:

1. Геннадий Головкин (Қазақстан)

2. Джермалл Чарло (АҚШ)

3. Деметриус Андраде (АҚШ)

4. Хайме Мунгия (Мексика)

5. Эрисланди Лара (Куба)

6. Кіші Крис Юбэнк (Ұлыбритания)

7. Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан)

8. Сергей Деревянченко (Украина)

9. Мацей Сулецки (Польша)

10. Феликс Кэш (Ұлыбритания)

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<