Жолдау 2021: Терең цифрландыру міндеті алға қойылды

730

0

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында отандық IT-секторды дамыту үшін бәсекеге қабілетті, жоғары білікті IT мамандарын даярлауды тапсырды. Бұл ретте цифрландыру жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кемінде 100 мың жоғары білікті IT-мамандарды даярлау міндеті қойылды. Бүгінде республика бойынша IT кадрлардың біліктілігін арттыру үшін бірқатар іс-шаралар жоспарланып отыр.

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Юлия Тремасова мәлімдеп, Жолдаудан туындайтын міндеттер мен алдағы жоспарлы жұмыстарды баяндады. Қазіргі уақытта кадрларды даярлауға барлық мектептер, колледждер, ЖОО-лар қатысуда. Бірақ іс жүзінде барлық білім беру ұйымдарында IT пәндері бойынша білікті оқытушылардың жетіспеушілігі байқалады. Ескі бағдарламалар мен бағдарламалау тілдері бойынша оқыту түлектердің деңгейі мен IT нарығындағы сұраныс арасындағы алшақтықты арттырады.

Осыған орай елімізде IT кадрлардың біліктілігін арттыру үшін бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Атап айтқанда, 2025 жылға қарай Қазақстан өңірлерінде 20 инновациялық бағдарламалау мектебін құру, 50 ЖОО-ны бейінді жоғары оқу орындарына және АТ компанияларына қамқорлыққа беру. Сондай-ақ, IT мектептерді қолдау мақсатында бағдарламалау мектептеріне гранттар (ваучерлер) бөлу жоспарлануда. Басқарма басшысының айтуынша, 2021 жылы стартаптарды ақпараттандыру және қолдау мақсатында IT-парктің сайты құрылған. (https://it-park.kz/)

Мұнда IT компаниялар мен стартап-жобаларды тіркеу мүмкіндігі қарастырылған.«Қазір ақпараттық жүйелердің бытыраңқылығы мен оларды интеграциялау проблемаларын шешу үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде жинақталатын деректерді жинауға, сақтауға және кешенді талдауға арналған Smart Data Ukimet ақпараттық-коммуникациялық қызметінің жобасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде мемлекеттік органдар өзара деректер алмасуды қамтамасыз ететін бірыңғай жүйеге қосылатын болады. Мұнда көптеген түрлі сервистерді қолдану мүмкіндігі ыңғайлы болмақ. Сонымен бірге бұл бастама мемлекеттік секторды терең цифрландыру міндетін алдына қойып отыр», – деді Юлия Тремасова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<