Токио Олимпиадасына шетелдіктерге сатылған билеттердің бағасы қайтарылады

699

0

Токиодағы жазғы Олимпиада ойындары шетелдік көрерменсіз өтеді. «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі бұл туралы Kyodo-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Жапонияның Ойындарды ұйымдастыру комитетінен мәлім еткендей, шетелдік жанкүйерлерге билет құны қайтарылады.

Tokyo Games ұйымдастырушылары 4,5 миллионға жуық билетті ішкі лотерея арқылы сатқан. Алайда өткен жылы 800 мыңнан астам билетті қайтару жөнінде өтінім түскен.

Kyodo-ның жазуынша, шет мемлекеттерде Токиодағы Олимпиада ойындарына 1 миллионға жуық билет сатылып үлгерген.

Еске салайық, Токио Ойындары биыл 23 шілде – 8 тамыз аралығында, Паралимпиада ойындары 24 тамыз – 5 қыркүйек күндері өтеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<