Инвестициялық жобалар – игілік көзі

622

0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен инвестициялық жобалар бойынша мәжіліс өтті. Жиынға мемлекеттік орган өкілдері мен инвесторлар қатысты. Онда өңірімізде экспортқа бағытталған 2 инвестициялық жоба таныстырылып, жүзеге асырушы компания құрылтайшыларымен меморандумға қол қойылды деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

– Бүгін қарастырылып отыр­­­ған екі жоба да салаға жаңа серпін береді деп санай­­­мын. Пайдаланылған суды екін­­ші рет қайта қол­дану және жаңбырлатып, тамшы­латып суару әдістерін кеңі­нен қолдану есебінен біз әр­тарап­тандыруға бағытталған жұ­мыстарымызды жетілдіре түсеміз. Сондықтан, бұл бағыт­тағы егін орналастыру көлемі мен малазықтық дақылдар үлесі ұлғайтылатын болады. Ұсынылған жобаларды қолдап, жүзеге асыруымыз қажет», –деді облыс әкімі.

Бірінші жоба – «Қызылорда AGRO PLUS» ЖШС-ның «Жаңа­қорған ауданында там­шы­латып суару әдісімен 3 мың гектар жерге өндірістік негізде қызанақ дақылын өсіру» және куаттылығы жылына 15 мың тонналық қы­занақ пастасын өндіретін зауыт құрылысын инвес­тициялау жобасы.

Жоба құны – 26,8 млн  евро. Жалпы жобаны жүзеге асыру барысында 500-ге дейін жұмыс орнын ашу көзделуде. Мақсат – Қазақстанның өңірлерінде қойылтылған томат пастасын өндіру бойынша толық циклді зауыт құру. Құрылтайшысы – «Orbis Agro» компаниясы.

Аталған серіктестік – рес­пуб­ликаға белгілі «Orbis Kazakhstan» ЖШС-ның ауыл­шаруа­шылық бағытында қыз­­мет көр­сететін еншілес ком­­паниясы.

Екіншісі – Шиелі ауданын­да жаңбырлатып суару әдісімен 10 мың гектар жерге жоңышқа егу жобасы. Жүзеге асыратын – «Тың Өріс» ЖШС.

Жоба аясында Шиелі ауда­нында пайдаланылған ағын суды қайта қолдану арқылы жаң­бырлату тәсілімен 10 мың гектарға жоңышқа дақылын егу қолға алынады.

Сонымен қатар жоба өңірімізге 10,6 млн АҚШ доллары шамасында инвес­тиция тартуға, өнімін экспортқа шығаратын өңдеу кәсіпорнын ашуға бағытталады деп жоспарлануда. Жүзеге асыру барысында 200 адам жұмыспен қамтылады.

Облыс әкімі жауапты сала басшыларына өндіріс зауыт­­тарын салатын инфра­струк­турасы қамтылған жер учаскелерін белгілеуді, қажетті инженерлік-инфрақұрылым жүйелерін жүргізуді, ин­дустрия­ландыру картасына ен­гізуге өңірлік үйлестіру кеңе­сінде жеделдетіп қарауды және аталған инвестициялық жоба­лардың толық іске асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<