Қазақ балуаны Қажымұқанның 150 жылдығына арнап түйе көтерді

1018

0

Белгілі атлет, түрлі экстрималды жаттығулар бойынша әлем рекордын жаңартқан қазақ балуаны Темір Сыпатаев Қажымұқанның 150 жылдық мерейтойына арнап тағы бір рекорд жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақтың даңқты палуаны, күш атасы – Қажымұқан атамыздың 150 жылдығына осы рекордымды арнаймын, Aлла разы болсын баршаларыңызға», – деп жазды балуан Instagram-дағы парақшасында.

Ұсынылған видеодан балуанның түйені көтерген бойы 30 қадамдай жүріп өткенін көруге болады.


Бұған дейін Темір Сыпатаев жұртты K-700, КамАЗ, пойыз сияқты ауыр техникаларды сүйреп, өгіз көтеріп таңғалдырған болатын.

Бұған дейін тағы бір отандасымыз таға июден әлем рекордын жаңартып, ол әрекетін Қажымқанның мерейтойына арнады.

Еске салсақ, биылғы 3 ақпаннан бастап Қажымұқанның 150 жылдығына орай республикалық видеочеллендж бастау алған болатын. Темір Сыпатаевтың рекорды сол челенджді жаңа деңгейге шығарып отыр.

Ресми құжаттарға сүйенсек, 7 сәуір күні қазақтың әйгілі балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 150 жыл толды.

Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығының ашылу рәсімі 10 ақпан күні Қ.Мұңайтпасұлы атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған республикалық мектеп-интернат-колледжінде Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың қатысуымен өтті.

Былтыр күзде Ордабасы ауданында Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы спорт кешені салынатыны хабарланған еді.

Ал Түркістан Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев балуанның мемориалдық кешені биыл салына бастайтынын айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<