Қуанса, бала қуансын!

365

0

 Дәстүрлі акция биыл да тамыз айының алғашқы күнінен, қыркүйек айының соңына дейін жалғаспақ.

Қайырымдылық шарасының мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету.

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаевтың айтуынша, өткен жылы аталған акция аясында партия тарапынан 243  іс-шара ұйымдастырылып, 1797 оқушы балаға материалдық көмек  көрсетілген.

– Түрлі әлеуметтік санаттағы азаматтардың өтініштерін қанағаттандыру партия қабылдау бөлмелерінде  бірінші кезекке қойылған. Жылдан-жылға акция ауқымы кеңейіп, үлес қосушылар мен  тұрақты демеушілерінің қатары артып, халықтық сипатқа ие болып келеді. Аймақтық және аумақтық партия филиалдары, сонымен қатар, партия белсенділерімен барлық  деңгейдегі мәслихат депутаттары акцияға белсенді қатысуда. Нақты кезеңде түрлі отбасының 500-ден астам  балаларына мектепке дайындық көмектері көрсетілді. Қыркүйек айының соңына дейін де акция жалғасатын болады, – деді партияның облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары.

Сондай-ақ, Ибадулла Құттықожаев «Мектепке жол» акция­сы аясында түрлі әлеуметтік себепке байланысты сабақтан қалу жағдайларын болдырмау үшін өңірде рейдтік шаралар ұйымдастырылып, тиісті мамандар пәтерлерді, саяжайларды аралап, ата-анасының бақылауынсыз қалған балаларды іздестіріп, оқушылардың жаппай мектепке баруына айрықша көңіл бөлініп отырғандығын атап өтті. Акцияға қолдау білдіру әрбір азаматтың рухани жан-дүниесінің байлығын, жас ұрпаққа деген шынайы сезімі мен ниетінің  тазалығын көрсететінін айтты.

Нұротандықтар «Баланы мектепке даярлайық» атты осы акция аясында 15 оқушыға мектеп құралдарын табыс­тап,  орталық алаңда тегін велосипед теуіп, батутта секіріп, балмұздақтан дәм татуға мүмкіндік жасады.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<