19000-ға жуық бала бірінші сыныпқа барады

300

0

 Облыс бойынша мектепке дейінгі, орта, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының жаңа 2018-2019 оқу жылына дайындық барысы туралы облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова баспасөз конференциясын өткізді. Жаңа оқу жылының басталуына жүйелі дайындық жұмыстары жүргізілді. 

Қазіргі таңда Қызылорда қа­ласы бойынша автоматтандыру жүйесіне балабақшалардың бар­лығы қосылған. Облыстағы қалған 420 балабақша автоматтан­дырылған жүйеге жаңа оқу жылынан бастап қосылатын болады. Биыл облыс бойынша 294 мектепке 154559 оқушы баратын болса, оның ішінде 18942 бала 1 сыныпқа қабылданбақ. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 700 балаға көп. 

–Биылғы оқу жылының тағы бір ерекшелігі жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән­дер жоғары сыныптарда ағыл­шын тілінде оқытыла бастайды. Пән­дерді ағылшын тілінде оқы­туға 2021 жылға дейін көшу жоспа­рына сәйкес облыстағы 46 инновациялық мектептер жұ­мысты алғашқы болып бастайды. Былтырғы оқу жылынан бастап 242мектеп «Күнделік» элект­ронды жүйесіне қосылды. Қалған мектептер жаңа оқужылында жүйеге қосуды аяқтайды. Сонымен қатар жаңа оқу жылынан бастап барлық мектептерде сынып журналдары электронды форматта жүргізіледі. Осы орайдамемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде 8000 дана компьютермен жабдықтаужаңа жылға дейін жүзеге асырылады, – деді М.Мелдебекова.

Облыстық білім басқармасы оқулықтардың жеткізілуіне мониторинг жасап, бұл істі тиянақтыжүргізіп отыр. Демек, биыл оқу­лық тапшылығы болмауға тиіс. 

Тағы бір жаңалық, биыл 3 сыныпқа информатика пәні енгізіледі. Оқулықтары мектепке таратылды. Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 5-7 сыныптарға«Өлкетану» курсы алғаш рет енгізіліп отыр. Пән қаңтар айынан бастап оқытылады.Майра Тұрғанбайқызының мәлім­деуінше, ғалымдардың араласуы­мен өңіріміздіңтабиғаты, тари­хы, салты мен дәстүрін көрсе­тетін оқулық дайындалуда.Облыс­тағы мектептер 156 жаңа моди­фи­ка­циялық физика, химия, биология пәндік кабинеттерімен жаб­дықталуда. Сонымен қатар 92 мектепке робототехника каби­неттері беріліп отыр.

Шынар Бекбан,

«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<