«Аңсаған сәби» бағдарламасымен 3 отбасы сәбилі болды

915

0

Өткен жылы «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша облысымызға 281 квота бөлінді. Бағдарламаның мақсаты – қосалқы репродуктивті технологиялардың көмегімен отбасылық-демографиялық проблемаларды шешуге жәрдемдесу. Сонымен қатар, бағдарламаны пайдаланған 3 отбасы сәбилі болды.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі бөлімінің маманы Мира Мырзаханова мәлімдеді.
Ел Президентінің тапсырмасымен былтырдан бастап елімізде «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасы іске қосылды. Биыл облысқа 277 ЭКО квота бөлініп отыр.


– 2021 жылы бөлінген қаржы толық игерілді. Дегенмен, 163 жүктілік тіркеліп, оның 62 түсікпен аяқталған, қалған 56 әйел стимуляция сатысында. ЭКО нәтижесінде 45-60% әйел бала көтеруге мүмкіндігі бар. 45 жасқа дейінгі әйелдер ЭКО әдісін пайдалана алады. Қазіргі танда, облыс бойынша 6320 бедеу отбасы бар. 2014 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін 703 отбасы кезекте тұр. Ол отбасылардың барлығы өңірлік комиссия арқылы тексеруден өтеді, – деді М.Мырзаханова

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<