Бокстан Азия чемпионаты: Қамшыбек Қоңқабаевтың қарсыласы кім?

695

0

Бокстан Біріккен Араб әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында бүгін ерлер арасында жартылай финал ойындары болады. Шаршы алаңға қызылордалық Қамшыбек Қоңқабаев та шығады.


Ұлттық құрама капитаны Қамшыбек Қоңқабаев (91 келі) ирандық Пуриа Амиримен кездеседі.


Еске салсақ, жарыстың аталған сатысында еліміздің атынан алты былғары қолғап шебері сынға түседі. Жартылай финалда алғашқы болып Даниял Сәбит (49 келі) филиппиндік Марк Лестер Дюренспен қолғап түйістіреді. Одан кейін 52 келіде Сәкен Бибосынов Амит Пангалмен шаршы алаңға шықса, Абылайхан Жүсіпов (69 келі) моңғолиялық Баттөмөр Мишеелтпен кездеседі.


Ал 75 келіде Әбілхан Аманқұл ирандық Сейедшахин Мусавимен шеберлік байқасса, 91 келіде Василий Левит қырғызстандық Рустам Ырысбек уулмен тайталасқа түседі.
Аталған жекпе-жектер Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<