Тұрсынбай Құлахмет әлемдік рейтинге бірнеше саты жоғарылады

679

0

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Тұрсынбай Құлахмет (4-0, 3 КО) кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісінен кейін Boxrec.com рейтингінде бірден бірнеше саты жоғарылады, деп жазады kaz.vesti.kz.


Құлахмет соңғы кездесуін Алматы қаласында MTK Kazakhstan промоутерлік компаниясының ұйымдастырған кешінде өткізіп, ресейлік Алексей Евченконы (19-15-2, 8 КО) жеңді. Бұл жеңісінен кейін отандасымыз Boxrec.com рейтингінде 192-орыннан 127-сатыға көтерілді.


Айта кетейік, қазіргі уақытта Тұрсынбай Құлахмет WBC International белбеуінің иегері. Қазақстандық боксшы бұл белбеуді венесуэлалық Эрбер Рондонды (20-1, 13 КО) ұтып, иеленді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<