Бүгін халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов 97 жасқа толды

883

0

Бүгін халық жазушысы, қазақ әдебиетінің классигі, Қазақстанның Еңбек Ері Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туған күні. Саналы ғұмырын жазу-сызуға арнаған ағамыз 97 жасқа толып отыр, деп жазды Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Қаламгердің ғұмыр жолына қарап отырып, ұлт тарихының өткен ғасырдағы тұтас тарауларын көруге болады. Әбекең бала күнінде тәркілеу, ашаршылық сияқты зобалаңдарды басынан өткерді. Он сегізге толар-толмас шағында соғысқа аттанды. Осының бәрі кейін жазушының шығармашылығына арқау болды.

Шын мәнінде, суреткердің қаламынан туған дүниелер – қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған қымбат қазына. Оның ішінде «Қан мен тер» және «Соңғы парыз» романдарының шоқтығы биік, – деп жазды Мәулен Әшімбаев.

BAQ.KZ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<