Дүниеде не жақын?

1474

0

Тату болса, ағайын жақын,

Ақылшы болса, апайың жақын.

Бауырмал болса, інің жақын,

Инабатты болса, келінің жақын.

Алдыңа тартқан адал асың,

Қимас жақын қарындасың.

— Дүниеде не қымбат?

Алтын ұяң, Отан қымбат,

Құт берекең атаң қымбат.

Аймалайтын анаң қымбат,

Мейірімді апаң қымбат.

Асқар тау – әкең қымбат,

Бәрінен де ар мен ұят қымбат.

— Дүниде не қиын?

Арадан шыққан жау қиын,

Таусылмайтын дау қиын.

Шанышқылаған сөз қиын,

Жазылмаса дерт қиын.

Іске аспаған серт қиын,

Ақылыңнан адасып, өзің түскен өрт қиын,

Не істеріңді біле алмай, Ашиды сонда бас миың.

Қазыбек би

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<