Ғалымдар 46 мың жыл бұрын тіршілік еткен құрттарды тірілтті

3247

0

Видеодан алынған кадр/ ntdtv.ru

Ғалымдар Сібірден табылған ежелгі домалақ құрттарды ондаған мың жылдан кейін қайта тірілтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат New York Times басылымына сілтеме жасап.

46 000 жылдық нематод құрттар мұздан еріген кезде тіріліп, өмірді белгісіз уақытқа тоқтата тұруға болатынын көрсетті.

Осы аптада PLOS Genetics журналында жарияланған жаңалық құрттардың экстремалды жағдайларда өте ұзақ уақыт, бұл жағдайда ондаған мың жыл өмір сүре алатынына түсінік берді.

2018 жылы РҒА Физика-химиялық және топырақтанудың биологиялық мәселелері институтының ғалымы Анастасия Шатилович Арктикадағы сарышұнақтар қазған іннен екі аналық құртты еріткен.

Германиядағы Макс Планк атындағы Молекулалық-жасушалық биология және генетика институтының баспасөз хабарламасына сәйкес, шамамен 130 фут тереңдікте мәңгі мұзға көмілген құрттарды суға салғанда жан біткен.

Ресейдегі Колыма өзенінің атымен аталған Panagrolaimus kolymaensis құрттарын Германияға әрі қарай зерттеуге жіберген.

Зерттеушілердің айтуынша, өмір сүру ұзақтығы күндермен өлшенетін тіршілік иелері зертханада бірнеше ұрпақ қалдырғаннан кейін өлген.

Радиокөміртекті мерзімдеуді қолдана отырып, зерттеушілер олардың 45 839 және 47 769 жыл бұрын қатып қалғанын анықтады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<